Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі (1900 жылғы 14 желтоқсанда Брюсселде, 1911 жылғы 2 маусымда Вашингтонда, 1925 жылғы 6 қарашада Гаагада, 1934 жылғы 2 маусымда Лондонда, 1958 жылғы 31 қазанда Лиссабонда және 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде қайта қаралған және 1979 жылғы 2 қазанда өзгертілген)
Ресми емес мәтін
(1) Осы Конвенция қолданылатын Тараптар Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөнінде кеңес құрады. (2) Өнеркәсіптік меншікті қорғау объектілері өнертабыстарға паттенттер, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулар мен шыққан жерінің көрсеткіштері немесе шыққан жерінің атауы, сондай-ақ теріс пиғылды бәсекелестікке жол бермеу болып табылады. (3) Өнеркәсіптік меншік ең күшті мағынада түсініледі және сөздің өзіндік мағынасында өнеркәсіп пен саудаға ғана емес, ауыл шаруашылығы өндірісінің және өңдеуші өнеркәсіптің саласына және өнеркәсіптік немесе табиғи тектегі барлық өнімдерге қолданылады, мысалы: шарап, астық, темекі жапырағы, жемістер, малдар, қазбалар, минералдық сулар, сыра, гүлдер, ұн. (4) Өнертабыстарға патенттерге Одақ елдерінің заңнамасында танылатын өнеркәсіптік патенттердің әр түрлері жатады, мысалы: әкелінетін патенттер, жетілдіруге арналған патенттер, қосымша патенттер мен куәліктер және т.б.
(1) Өнеркәсіптік меншікті қорғауға қатысты Одақтың әрбір елінің азаматтары Одақтың барлық елінде қазіргі кезде берілетін немесе кейіннен тиісті заңдармен өздерінің азаматтарына, бұл ретте осы Конвенцияда арнайы көзделген құқықтарға қысым жасамай берілетін артықшылықтарды пайдаланады. Осыны ескере отырып, олардың құқықтары осы елдің азаматтарының құқықтары сияқты қорғалатын болады және олар, егер бұл ретте өздерінің азаматтарына берілетін шарттар мен формалдылықтар сақталса, олардың құқықтарына барлық қолсұғушылықтардан заңды қорғау құралдарын пайдаланатын болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|