ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 912 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 91 бұйрығына 3-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) Алматы қаласы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. 2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Департамент, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, өз атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 6. Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Жауапты хатшы бекітеді. 7. Департаменттің толық атауы: мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|