Шаруа немесе фермер қожалығы туралы (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
II тарау. Шаруа немесе фермер қожалығының жер пайдалану құқығы III-тарау. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң негiздерi
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен және «қолданылып жүрген заңдарға», «қолданылып жүрген заңдарда» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының заңнамасына», «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасына шаруа немесе фермер қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс iстеуiнiң құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi. ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы 1. Адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар шаруа немесе фермер қожалығы субъектiлерi болып табылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтары туралы осы Заңның ережелері оралмандарға қолданылады. 2. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi ортақ шаруашылықты бiрлесiп жүргiзетiн жұбайлары, жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (аға-қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) және басқа да адамдар болып табылады. 3. Шаруа немесе фермер қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкiн: кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы; өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы; бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде, жалпы үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы. 4. 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады. 5. 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерінің құқықтары және міндеттері 1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға; 3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге; 4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға; 5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге; 6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға; 7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға; 2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға; 3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайын жасауға; 4) жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс берушінің актілерін шығаруға; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері: 1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында белгіленген тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға; 2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының бухгалтерлік есебінің, есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға; 3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа мүшелердің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасап жүгінуге; 4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері: 1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдерін орындауға; 2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға; 3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, бұл туралы қожалықты тіркеген органға ортақ өтініш беріп хабарлауға; 4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру 1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі. 2. Бірлескен кәсіпкерлікке негізделген шаруа немесе фермер қожалығын тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік шаруа немесе фермер қожалығының басшысына беріледі. Куәлікке салық органының тиісті аумақтық бөлімшесінің басшысы куәландырған шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің тізімі қоса беріледі.
3-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретіндегі шаруа немесе фермер қожалығы 1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады. 2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемдерiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргiзумен байланысты басқа да мәселелердi шешедi. 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi 1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартпен өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады. Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады. Жеке кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады. 2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесіндегі екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, керек-жарақтар және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін. 3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiмдер және табыстар шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады. 4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5-бап. Шapуa немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлкiн және жер учаскесiне құқығын мұраға алу Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға алынады. ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен II-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) II тарау. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесіне құқығы
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру 1. Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн - жеке меншiк құқығымен немесе 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылымдар) осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес уақытша өтеусiз жер пайдалану (жалдау) құқығымен берiледi. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру ақылы негiзде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының азаматтары жер учаскесiне жеке меншiк құқығын Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес айқындалатын оның кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен не жеңiлдетiлген бағамен алуы мүмкiн. Жер учаскесiн сатып алу сомасын төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесiне жеке меншiк құқығын алған тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жыл мерзiмге дейiн ұзартылып жүргiзiлуi мүмкiн. Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшін жep учаскелерiн беру уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы білімi мен біліктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзіндегі жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алуға басым құқықты пайдаланады. Қызметін кемінде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметін тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесін сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкін сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. 3. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шығатын азаматтарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн аталған оның ұйымдардың жерiнен жep учаскелерi берiледi, оларды кадастрлық бағалау шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиiс. 4. Өздерiне тиесілi жер учаскелерiне құқықтарын, оның iшiнде шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестіктердің жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын ұйымдастыру үшiн қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесiн немесе пайын, жер учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға (бөлiсуге) не өздерiнiң қалауы бойынша жер үлесiнiң немесе пайының құнын төлетiп алуға құқылы. Үлестi немесе пайды нақтылы бөлiп шығару (бөлiсу) шаруашылық серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң талабы бойынша жүзеге асырылады. Шаруашылық серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесi, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сыйақысыз нақтылы қалпында қайтарылады. Қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығу және жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiш ауыл шаруашылығы ұйымына берiледi. Шаруа немесе фермер қожалығын ұйымдастыру үшiн үлес немесе пай есебiне нақтылы бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi шаруашылық серiктестiктердiң, өндiрiстiк кооперативтердiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен немесе тараптардың келісімiмен айқындалады. Құрылтай құжаттарында жер учаскесiн бөлiп шығару (бөлiсу) тәртібі болмаған жағдайда, осы баптың 5-тармағының ережелерi қолданылады. 5. Үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушы болып табылатын және шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелерi үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысында бекітілген, үлестiк меншiктегi (үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртібіне сәйкес берiледi. Yлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушыларды жер учаскелерiн пайдалану тәртібін бекіту жөніндегі алдағы жиналыс туралы хабардар ету оның өткiзiлетiн күнiнен кемiнде бiр ай бұрын жазбаша нысанда, қолхат алу арқылы жүргiзiледi. Тиiсiнше хабарланған жағдайда, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде елу процентi қатысқан кезде, жиналыс заңды деп есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға жиналыста болған үлестiк меншiкке (үлестiк жep пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң барлығы қол қояды. Жер учаскесiн пайдалану тәртібі болмаған кезде үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) мүдделi қатысушы жep үлесi (жер үлестерi) есебiне жер учаскесiн бөлiп шығару ниетi туралы, оның болжамды орналасқан жерiн көрсете отырып, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың қалғандарын жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi жөніндегі мәселе келiсу рәсiмдерiн өткізу арқылы не ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде шешiлуi мүмкiн. Жиналыс хабарланған кезден бастап бiр ай iшiнде өткiзiлуге тиiс және ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде елу процентi қатысқан жағдайда заңды деп есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға жиналыста болған үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң барлығы қол қояды. Егер тиiсiнше хабарланған күннен бастап бiр ай iшiнде үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардан қарсылықтар келiп түспесе, жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы ұсыныс келісілген болып есептеледi. 6. Азаматтың өтiнiшi және осы өтінішке қоса берiлген, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келісілген материалдар оған жер учаскесiне құқықты ресімдеу үшiн жергілікті атқарушы органға жіберіледі. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алған және ауылда тұрғын үйi бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесi меншiк құқығымен сақталады, ол шаруа немесе фермер қожалығы жер учаскесiнiң құрамына кiрмейдi. 8. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерi болып табылмайтын азаматтарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден берiледі. ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру нормалары 1. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың) шегiнде Қазақстан Республикасының азаматтарында жеке меншiк құқығымен болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (eң үлкен) мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өкiлеттi және атқарушы органдардың бiрлескен ұсыныстары негiзiнде белгiлейдi. ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді; 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі 1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін өздеріне арнайы жер қорының жері мен босалқы жер құрамынан жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығы берілуіне мүдделі азаматтар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халыққа қызмет көрсету орталықтарына, олар болмаған жағдайда, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына өтініш береді. 1) жер учаскесін пайдалану мақсаты; 2) оның болжамды көлемі; 3) орналасқан жері; 4) сұралып отырған пайдалану құқығы; 5) басқа жер учаскесінің болуы (болмауы); 6) шаруа немесе фермер қожалығының құрамы көрсетілуге тиіс. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішке шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелері қол қояды. Өтінішке: 1) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы; 2) өтініш беруші азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) тиісті білімі немесе арнайы дайындықтан өткені туралы құжаттар (олар болған кезде); 4) еңбек қызметін растайтын құжаттар (олар болған кезде) қоса беріледі. Қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді. 3. Ауыл шаруашылығы ұйымдары жерінің және ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы жердің құрамынан шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алатын азаматтар (осы Заңның 6-бабының 3, 4 және 5-тармақтары) өтiнiшке осы баптың 2-тармағында көрсетiлгендерден басқа, бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келісілген материалдарды қоса береді. Азаматтардың ауыл шаруашылығы ұйымына немесе ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушыларға беретiн, шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiштерiн олар бiр айдың iшiнде қарауға тиiс. Бұл ретте жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы егiс жұмыстары басталғанға дейiн не аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Басқа жағдайларда жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншiкке (ортақ жep пайдалануға) қатысушылардың келісімiмен жүргiзiледi. 4. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжат онда Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық меншiк иелерi (жер пайдаланушылар) көрсетiле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерiне ресiмделедi. 5. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеген кезден бастап туындайды. ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді 9-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесi 1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi бiрыңғай алқап болып берiледi, бұған жекелеген жер учаскелерi мен ауыл шаруашылық алқаптары топырақ сапасы бойынша құндылығы жағынан салғастыруға келмейтiн (азық дайындау шектеулi болатын, мал жайылымдарын пайдаланудың маусымдылығы айқын білінетiн суармалы жер аймағындағы) жерлер қосылмайды. 2. Шаруа немесе фермер қожалығына берiлген жер учаскесi ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк меншiк (ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк жер пайдалану) құқығында болады. 3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы бар шаруа немесе фермер қожалығы оны иелену, пайдалану және билiк ету құқығын өз қалауынша, мемлекеттік органдардың қандайда бiр рұқсатын алмай жүзеге асырады. Уақытша жер пайдалану құқығы бap шаруа немесе фермер қожалығы көрсетiлген құқықтарды уақытша жер пайдалану туралы шартқа сәйкес жүзеге асырады. Шаруа немесе фермер қожалығы жеке меншiк құқығындағы жер учаскесiне қатысты, соның iшiнде толық құнына сатып алынған жер учаскесi бойынша ол мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап және жеңiлдетiлген бағамен сатып алынған жер учаскесi бойынша - ол жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының төмендеген әрбір он пайызы үшін екі жылды құрайтын, жер учаскесімен мәміле жасасуға шек қою мерзімі өткен соң, нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасай алады. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы осындай құқықты сатып алмастан, кепілге, шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде берілуі мүмкін. 4. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы және ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы шаруа немесе фермер мүлкiнiң құрамына кiредi, онымен ол өз мiндеттемелерi бойынша жауап бередi. 5. Шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстарға және шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар мен шаруашылық-тұрмыстық қора-жайлар салуға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер және көпжылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды. Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерінен төмен учаскелерге, алаңдарға бөлуге жол берілмейді. ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының жep пайдалану жөніндегі құқықтары 1. Шаруа немесе фермер қожалығының: 1) жердi ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру мақсатында пайдалана отырып, онда дербес шаруашылық жүргiзуге; 2) ауыл шаруашылығы дақылдары мен өзге де екпе-көшеттердi егу мен отырғызуға, жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде өндiрiлiп алынған ауыл шаруашылық өнiмiн және оны сатудан түскен табысты меншiктенуге; 3) жер учаскесiнде бар құм, саз, қиыршық тас және басқа да көп кездесетiн пайдалы қазбалар, шымтезек, орман алқаптары, жер үстi және жер асты суларын өз шаруашылығының мұқтаждары үшiн белгiленген тәртiпте пайдалануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн кәдеге жаратуға; 4) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда шығындардың толық көлемде өтелуiне; 5) жердi аймақтарға бөлуге сәйкес құндылығы төмен алқаптарда шаруашылық қажеттерi үшiн, жер учаскесiнiң нысаналы пайдалану мақсатына қайшы келмейтiн өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) меншiк құқығымен тұрғызуға; 6) жердi суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстарды жүргiзуге, белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарға сай келетiн тоғандар мен өзге де суаттарды сатуға құқығы бар. |