|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 11-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) жалпы отырыстың төралқасы;»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган - Қоғамдық кеңес құрылады. Қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.»; 2) 14-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі. Облыстық соттың кассациялық сот алқасы отырыстарында төрағалық ету облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі. 3. Облыстық соттың төрағасы уақытша болмаған жағдайда мiндеттердiң атқарылуын облыстық сот төрағасы облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының бiрiне жүктеудi жүзеге асырады, ал апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының мiндеттерiн уақытша атқару облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледi. Облыстық соттың төрағасы облыстық соттың кассациялық сот алқасы отырыстарында төрағалық етуді облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктейді.»; 3) 16-баптың 1-тармағында: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;»; мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын: «9-2) облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді;»; 4) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын: «16-1-бап. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы 1. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасы: 1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды облыстық соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді; 2) осы Конституциялық заңда облыстық соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы жеті мүшеден - облыстық соттың төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағы филиалының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, сондай-ақ облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады. 3. Облыстық соттың жалпы отырысының төралқасын облыстық соттың төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады. 4. Облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру облыстық соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.»; 5) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) кадр резервіне алынған адамдардың тізімін Жоғары Сот Кеңесіне жібереді;»; 6) 18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) жалпы отырыстың төралқасы;»; 7) 20-бапта: 1-тармақта: 7) тармақшаның үшінші, төртінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;»; мынадай мазмұндағы 4-1), 9-3) және 9-4) тармақшалармен толықтырылсын: 7) тармақшаның алтыншы абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «4-1) сот актiлерiн заңда көзделген негiздер бойынша қадағалау тәртiбiмен қайта қарау туралы ұсынулар енгiзедi;»; «9-3) Қоғамдық кеңес туралы үлгі ережені бекітеді; 9-4) жалпы отырыс төралқасының үлгі регламентін бекітеді;»; 2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) республика судьяларына ведомстволық наградалар, «Құрметтi судья» атағын бередi, осы Атақты беру тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;»; 8) 22-баптың 1-тармағында: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды;»; 8) тармақшаның алтыншы абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3-1) тармақша алып тасталсын; 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) Жоғарғы Соттың сот алқалары, Сот жюриi төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;»; «6) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады, кадр резервіне алынған адамдардың тізімін бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын: «7-3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді; 7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультивтік кеңес туралы ережені және оның құрамын бекітеді;»; 9) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын: «22-1-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы 1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы: 1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді; 2) осы Конституциялық заңда Жоғарғы Соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған, соттардың қызметін ұйымдастыруға қатысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы тоғыз мүшеден - Жоғарғы Соттың Төрағасынан және қадағалау сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, Сот жюриінің төрағасынан, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін екі судьядан тұрады. 3. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады. 4. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.»; 10) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын: «23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі 1. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына соңғы лауазымына орналасу құқығы беріледі, ал, халықаралық соттың судьясы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және орнынан түскен кезде ескеріледі. 2. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда реттелмеген бөлігінде осы Конституциялық заңда көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктер қолданылады.»; 11) 29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Аудандық соттың судьясы болып: 1) жиырма бес жасқа толған; 2) жоғары заң бiлiмi, мiнсiз беделі және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтілі бар; 3) біліктілік емтиханын тапсырған (мамандандырылған магистратурада оқуды бітірген және онда біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады); 4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған; 5) сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған (мамандандырылған магистратурада оқуды бiтiрген және онда біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуы аяқталған күннен бастап бес жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады) Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн.»; 12) 30-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатураны тиісті облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды. Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды. Аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың арасынан ұсынылады. Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдардың арасынан ұсынылады. Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады. Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды. Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды. Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.»; 13) 31-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша лауазымынан босатылған жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары тиісті сот судьясының өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады. Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады. Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.»; 14) 33-бапта: 1-тармақ 4) тармақшасындағы «ауысса, тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «ауысса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, тоқтатыла тұрады.»; мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берген кезде оның өкілеттігі осы өтініш берілген күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатыла тұрады.»; 15) 34-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады. Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды. Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.»; 16) 35-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мінсіз беделі, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына тиесілігін, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында өкілеттігін тоқтатуы орнынан түсу болып табылады.»; 17) 47-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі болған жағдайда оған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.»; 18) 51-бапта: 2-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Судья үнемі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін.»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде оған өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендіру құқығы беріледі.»; 19) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.». 2-бап. Осы Конституциялық заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7) тармақшасының үшінші, төртінші және алтыншы абзацтарын және 8) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 7-і. № 245-V
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |