ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы ереже (2023.02.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы (бұдан әрі - Бас қолбасшылық), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланға бейбіт және соғыс уақытында әскери басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Комитет құқығындағы ведомствосы болып табылады. Бас қолбасшылық Ұлттық ұланды әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы басқарады. 2. Бас қолбасшылық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Бас қолбасшылық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Бас қолбасшылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Бас қолбасшылық егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Бас қолбасшылық өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтарымен ресімделетін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|