Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.26.11. № 805 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы (бұдан әрі - азаматтық қорғау саласында) функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Комитеттің азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түсуге құқығы бар. 5. Комитет заңнамаға сәйкес егер оған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар. 6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|