ҚР Ішкі істер министрінің 2023.11.04. № 287 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті туралы (2023.11.04. берілген өзгерістермен)
1. Ақмола облысының Полиция департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департамент егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Департаменттің орналасқан жері: индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 35а-үй. 9. Департаменттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|