Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 819 «Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 1028 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Ішкі сауда Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 және «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 819 «Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2257 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 шілдедегі № 113 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1. Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындары 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін: 1-қосымша: «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда орындарының тізбесі»; 2-қосымша: «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жүгері, балмұздақ және алкогольсіз сусындар сататын уақытша сауда орындарының тізбесі». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|