Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27 баптарына, «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 және »Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындары қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-180 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 маусымдағы № 103 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ж.Ұлықбановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|