ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 167 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 17 қазандағы № 92 бұйрығына 6-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады. 2. Инспекция Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Комитеттің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады. 3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оқшауланған мүлкі, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады. 4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Инспекцияның, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады. 5. Инспекцияның құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы (бұдан әрі - Жауапты хатшы) Комитет төрағасының ұсынуы бойынша бекітеді. мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|