Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2014 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат, № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат): 93-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Акционерлік қоғам шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жол жүрісі мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) басқарушы компания, дербес кластерлік қор жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген кезде талап етiлмейдi.»; 2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына, дербес кластерлік қорға және басқарушы компанияға;». 1-баптың 3-тармағы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «дербес білім беру ұйымдарына» деген сөздер «дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 108-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру»; 4-тармақтың 2) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 2) мынадай мазмұндағы 108-1-баппен толықтырылсын: «108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу жұмыстарын және ғылыми-техникалық жұмыстарды қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес шегерімдерге жатқызылады, бірақ: келісімшарттық қызмет бойынша жиынтық жылдық кірістің бір пайызы мөлшерінде есептелген сомадан артық емес, алу осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған шығыстар.»; 3) 150-бапта: 2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және», «бірлесіп» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Алынған (алынуға жататын) кірістерді осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған кірістерге жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады. Алынған (алынуға жататын) кірістерді осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған кірістерге жатқызу дербес кластерлік қордың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.»; 4-тармақтың 4) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 4) 151-4-бапта: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) тұрмыстық электр аспаптарын: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар жасау;»; 10) тармақшадағы «еркін», «келетінін растайтын қорытындысы болған кезде осы баптың 1-тармағының 1) - 9)» деген сөздер тиісінше «арнайы», «келетіні туралы қорытындысы болған кезде осы тармақтың 1) - 9-1)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың бірінші абзацындағы «1) - 9) тармақшаларында», 4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «1) - 9) тармақшаларында», «табыстар» және 5-тармақтың төртінші абзацындағы «қызметкерлердің - Қазақстан Республикасы резиденттерінің», «осы баптың 1) - 9) тармақшаларында көрсетілген», «табысы» деген сөздер тиісінше «1) - 9-1) тармақшаларында», «1) - 9-1) тармақшаларында», «кірістер» және «Қазақстан Республикасы резидент қызметкерлерінің», «осы баптың 1-тармағының 1) - 9-1) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген», «кірістері» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 244-2-бапта: 4-тармақтың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «4. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжатты береді.»; «Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді біріктіріп қолдану жолымен таңдап алуға құқылы.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органына басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205000 еселенген айлық есептік көрсеткішке барабар сомадағы қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсынады. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, басқарушы компанияда немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ бюджет шығындарын қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 4-тармақтың 6) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 6) 348-4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «100 - 114» деген цифрлар «100 - 108, 109 - 114» деген цифрлармен ауыстырылсын. 5. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат): 1) 16-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуы;»; 2) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар мен жекеше сот орындаушыларының алқалары, сауда-өнеркәсіп палаталары, кәсіби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншік иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.»; 3) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Дербес кластерлік қор ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрыла алады.»; 4) 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қорды, жекеше мекемені, дербес білім беру ұйымын, дербес кластерлік қорды бір тұлға құрған жағдайда, онда құрылтай шарты жасалмайды.»; 5) 39-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы баптың 1 - 3-тармақтарының ережелері дербес білім беру ұйымдарына және дербес кластерлік қорға қолданылмайды.». 6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 11-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес кластерлік қорында басшы және жоғары бiлiмді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;». 7. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат): 86-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғам «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы болып, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуға құқылы.». 8-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 8. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат): 57-бап мынадай редакцияда жазылсын: «57-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы, 4-тармағының екінші бөлігі және 151-4-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.». 9. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат): 1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы - басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе дербес кластерлік қор;»; 2) 4-баптың 8-1) және 8-2) тармақшаларындағы «жер пайдаланудың» деген сөздер «пайдаланудың» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 6-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «басқарушы компаниямен» деген сөздерден кейін «, дербес кластерлік қормен» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 8-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері басқарушы компанияға, дербес кластерлік қорға арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беріледі. Басқарушы компания, дербес кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы. Басқарушы компанияның, дербес кластерлік қордың жалға алуына уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері де берілуі мүмкін. Басқарушы компания, дербес кластерлік қор қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін бере алады.»; 4-1-тармақтағы «жер пайдалану», «жер пайдалануға», «жер пайдаланудың» деген сөздер тиісінше «пайдалану», «пайдалануға», «пайдаланудың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күні қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлайды. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы туралы мәліметтерді енгізеді. Қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күн арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу күні болып табылады.»; 6) 18-бапта: 2) тармақшадағы «жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздер «қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін кейінгі жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға) беру және» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Дербес кластерлік қордың функциялары осы Заңмен және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.»; 7) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Дербес кластерлік қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»; 9-тармақтың 8) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 8) 32-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «ғылыми-зерттеу», «2015 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болмайды» деген сөздер тиісінше «ғылыми-зерттеу жұмыстарын», «2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті шарт болып табылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) инновациялық кластер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі;»; 2) 11-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) арнайы экономикалық аймақтар, оның ішінде дербес кластерлік қор;»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Индустриялық-инновациялық қызмет арнайы экономикалық аймақтарда - «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, индустриялық аймақтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.». 11. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2013 ж., № 15, 81-құжат): |