Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен бүкiл мәтiн бойынша «уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология» деген сөздермен ауыстырылды (кушіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қадағалау», «қадағалауға», «қадағалауды», «қадағалаудың» деген сөздер тиісінше «бақылау», «бақылауға», «бақылауды», «бақылаудың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Бірінші тармақша 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның метрологиялық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыруға заңды тұлғаның құзыреттілігін ресми тану рәсімі; 2) заңдық метрология - метрологияның уәкілетті мемлекеттік орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бірліктеріне, әдістеріне, өлшем құралдары мен өлшемдік зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптары бар бөлігі; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi; 4) метрологиялық бақылау - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет; 5) метрологиялық қызмет - қызметі өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығы; 6) өлшем - арнаулы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жолмен физикалық шама мәнін табу; 7) өлшем бірлігі - нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшем қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйі; 8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы; 9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты; 10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар - ережелер, нұсқаулар және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу талаптары мен тәртібін айқындайтын өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға; 12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - бірен-саран данада шығарылған немесе әкелінген өлшем құралдарының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау); 13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргізу құқығына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің маманы; 14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектілеріне түрлі сынау әсерлерін қолдана отырып өлшем құралдарының белгіленген нормаларға сәйкестік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы; 15) өлшем құралдарын тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар мен ережелердің жиынтығы; 16) өлшем құралы - өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17) өлшем құралын калибрлеу - мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шын мәндерiн айқындау мақсатында осы өлшем құралының көмегiмен алынған шаманың мәнi мен эталонның көмегімен айқындалған шаманың тиiстi мәнi арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы; 18) өлшем құралын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы; 19) өлшемдерді орындау әдістемесі - орындалуы өлшем жүргізудің осы әдістемесімен белгіленген дәлдікпен өлшем нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін операциялар мен ережелер жиынтығы; 20) өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау өлшемдерді орындау әдістемесінің оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу (растау); 21) салғастыру - эталондар мен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын зерттеудің нәтижелерін салыстыру; 22) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 23) шама бірлігі - 1-ге тең сандық мән шартты түрде берілген белгіленген мөлшердің физикалық шамасы; 24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында бастапқы деп танылған шама бірлігінің эталоны; 25) шама бірлігінің эталоны - уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен бекітілген, мөлшерін осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бірлігін (шама бірлігінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау; 2) отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету; 3) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң дұрыс есебiн қамтамасыз ету; 4) iргелi зерттеулерде және ғылыми талдамаларда өлшем дұрыстығын қамтамасыз ету; 5) диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету.
09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттік басқару 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы жүзеге асырады. 2. Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеудi және іске асыруды ұйымдастырады; 2) Қазақстан Республикасы метрологиялық қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады; 3) мемлекеттік шама бiрлiктерiнiң эталондарын бекiтедi; 3-1) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады; 5) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру ережелерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң эталондық базасын жетiлдiредi; 5-1) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгiлейдi; 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды; 8) өлшем құралдарын қолдану, өндiру және жөндеу тәртібін белгiлейдi, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыруды ұйымдастырады; 9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады; 10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді; 11) метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiл болады; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-1) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара) 13) тармақша өзгертілді 13) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлейдi; 15) салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудың, сақтаудың және қолданудың тәртібін белгiлейдi. 16) техникалық құралдардың өлшем құралдарына қатыстылығын белгiлеудiң тәртібін айқындайды. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 17) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң құрылымы Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi құрылымына: 1) ұйымдық негiздi құратын Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi; 2) шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары және техникалық негiздi құратын өлшем құралдары; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара) 3) нормативтік құқықтық актілер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар кіреді.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi Шама бiрлiктерi, шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары, шама бiрлiктерiнiң эталондары, өлшем құралдары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi, өлшем құралдарына, әдiстерiне және нәтижелерiне қойылатын талаптар, өлшемдердi орындау әдiстемелерi, өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының, жеке, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң объектiлерi болып табылады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттар Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес әзiрленедi және оларды Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалар мiндеттi түрде қолдануға тиiс.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Өлшемдер және салмақтар жөніндегі бас конференция қабылдаған және Халықаралық заңдық метрология ұйымы ұсынған Халықаралық бiрлiк жүйесiнiң шама бiрлiктерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiледi. Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша Халықаралық бiрлiктер жүйесiне кiрмейтiн шама бiрлiктерiн қолдануға жол беріледі. 2. Өлшем құралдарын қоса экспортқа шығарылатын өнiмдердiң сипаттамалары мен параметрлерi тапсырыс берушi белгiлеген шама бiрлiктерiнде көрсетiлуi мүмкiн.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 10-бап. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары құрады, олардың құрылуын және сақталып-ұсталуын мемлекет жүзеге асырады. Шама бiрлiктерiнiң мемлекеттік эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және мөлшерiн Қазақстан Республикасының аумағындағы осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында негiзгi эталондар ретiнде пайдаланылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды 10-1-бап. Шама бiрлiктерiнiң эталондары Шама бiрлiктерiнiң эталондары шама бiрлiктерiн (шама бiрлiктерiнiң еселенген не үлестiк мәнiн) олардың көлемдерiн осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатымен ұдайы шығаруға және (немесе) сақтауға арналған. Шама бiрліктерiнiң эталондарын мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi қолданады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Өлшем құралдары Өлшем құралдары бiрлiктерi Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген шамаларды анықтау үшiн пайдаланылады және пайдалану шарттары мен оларға қойылған талаптарға сай болуға тиiс.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды 11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi 1. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерi өлшем құралдарының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау үшiн пайдаланылады және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiнде мiндеттi тiркелуге жатады. 2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемелерiн әзiрлеу, бекіту және қолдану тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi 1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс. 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 13-бап. Метрологиялық қызметтiң құрылымы Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметi: 1) мемлекеттік метрологиялық қызметтен; 2) уақыт және жиiлiк мемлекеттік қызметтерiнен; заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнен; заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректерден, сондай-ақ өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң өзге де мемлекеттік қызметтерiнен; 3) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнен; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардан; 5) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалардан тұрады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 14-бап. Мемлекеттік метрологиялық қызмет Мемлекеттік метрологиялық қызмет: 1) стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органнан және оның аумақтық бөлiмшелерiнен; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, жетілдіруді, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізетін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысатын, өлшем құралдарын сынауды, метрологиялық аттестаттауды, шама бірліктерінің эталондары мен жоғары дәлдiктi өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан тұрады. 3) 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 15-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi уәкiлеттi органды және оның аумақтық бөлiмшелерiн, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерiн қамтиды. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік қызметтерi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асырады. 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Уақыт пен жиiлiк мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, уақыт пен жиiлiктiң өлшем бiрлiгін қамтамасыз етуге және Жердiң айналу параметрлерiн анықтауға бағытталған жұмыстарды орындайды. Қазақстан Республикасының уақыт пен жиiлiк мемлекеттiк қызметi мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдану үшін міндетті болып табылатын уақыт пен жиiлiк бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн жаңғыртуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады. 3. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi. 4. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердiң мемлекеттік қызметi аймақаралық және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттерi туралы стандарттық анықтама деректердi әзiрлеуге және ендiруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi.
16-бап. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi 1. Мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қажет болған жағдайларда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн метрологиялық қызметтер құрады. Осы Заңның 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезiнде метрологиялық қызметтердiң құрылуы немесе ұйымдастыру шараларының жүргiзiлуi мiндеттi болып табылады. 2. Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысы уәкiлеттi органмен келісілген нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара) 16-1-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16-1-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар 1. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүзеге асырады. 2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылардың қызметi өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтік құқықтық актілер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды; 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 16-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 16-2-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында консалтингтiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғалар өз қызметiн өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырады. 4-тарау. Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу |