Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде мақтаны кепiлге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 2) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған мақта иесi; қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 3) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы; 4) мақта - шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы; 5) мақта иесi - меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға; 6) мақта қабылдау пунктi - шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат; 7) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға; 8) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет - шитті мақтаны сақтау; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру және шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет; 9) мақта қолхаты - шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшiн мақта өңдеу ұйымы беретiн қосарлы қойма куәлiгi; 10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 11) мақта нарығына қатысушылар - шиттi мақтаны өндiруге, оны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар; 12) мақта нарығының мониторингi - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткізудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы; 13) мақтаның сапасы - стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы; 14) мақта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға; 15) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 16) мақта тазалау зауыты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат; 17) мақта талшығы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынатын негiзгi өнiм; 18) мақта талшығы бумасы - стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше әдiспен нығыздалған белгiлi бір көлемi; 19) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, мақта талшығының сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi; 20) мақта талшығы сапасының паспорты - мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар және (немесе) келiсiмшарттар талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 21) мақта тұқымы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынған мақта ұрығы; 22) мақта шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығының мақта өндiру жөніндегі саласы; 23) мамандандырылған ауыспалы мақта егiсi - бір ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң жер пайдалану аумағындағы егiстiк жердiң құрылымында мақтаның үлесi жетпiс пайыздан аспайтын жағдайда, өсiмдiктер аурулары мен зиянкестердiң жиналуына кедергi болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шиттi мақтаның өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға әсер ететiн, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негiзделген кезектестiрiлiп егiлуi; 24) өңдеу шарты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөніндегі жария шарты; 25) сақтау шарты - шиттi мақтаны сақтаудың жария шарты; 26) сарапшы ұйым - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес мақта талшығы сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын берудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 27) шиттi мақта - тұқымынан ажыратылмаған талшық; 28) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу - шитті мақтаны мақта талшығы, тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамдарында үлік бар және мамық бар) етіп тазалау жөніндегі технологиялық операциялар кешені; 29) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi; 30) шиттi мақтаны өңдеудiң жанама өнiмдерi - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлiк және мамық бар); 31) шиттi мақтаны сақтау - шиттi мақтаны қабылдау, сақтау және беру жөніндегі технологиялық операциялар кешенi; 32) шиттi мақта өндiрiсi - шиттi мақта өсiруге бағытталған агротехнологиялық iс-шаралар кешенi.
2-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Мақта саласын мемлекеттік реттеу
3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты ғылыми негізделген технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде мақта саласын дамыту, мақтаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары Мақта саласын мемлекеттік реттеу: 1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау; 2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту; 3) кластерлік даму принциптерін ескере отырып, мақта саласының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру; 4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау; 5) техникалық реттеу; 6) сарапшы ұйымды айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жасау ережесін сақтауын бақылау; 7) мақта нарығының мониторингі; 8) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі; 9) мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асырылады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын қалыптастыру және іске асыру; 2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру: тұқымдық мақсат үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру; мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, топырақты мелиорациялау, оның құнарлылығын сақтау мен арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу; шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологияларын енгізу; шитті мақтаны өндіру кезінде егістік алқаптардың құрылымын оңтайландыру және мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу; мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу; зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау және олардың есебін жүргізу, сондай-ақ мақта егілетін аймақтарда ерекше қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу; мақта саласы және тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөнінде қызметтер көрсету құнын субсидиялау; шитті мақтаның сапасын сараптаудың құнын субсидиялау; 3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу; 4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық несие беру; 5) мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету; 6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге жұмсалған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған мақтаның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген тұқымдарының құнын арзандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқымдарының сорттық және егістік сапасын айқындау; 7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру; 8) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру; 9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге, су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыптасуына жәрдемдесу.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне: 1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу; 2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) сарапшы ұйымды айқындау; 6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара.); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне: 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) мақта саласын дамыту аясында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру; 2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда 3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеп, бекіту; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) мыналарға: мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке; сарапшылық ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) мыналарды: шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын; шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін); мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу және бекіту; 7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындап, енгізу; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15) мақта саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлеп, бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді 16) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін әзірлеу; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) мыналарды: мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын; мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидаларын; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларын; мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасына сараптаманы субсидиялау қағидаларын; мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидаларын; мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын; шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын; мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын; мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды 21-1) мақта саласын дамыту жөніндегі техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: 1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізу; 4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу; 5) мақта өңдеу ұйымдарын: мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақта өңдеу ұйымын біліктілік талаптарына сәйкес келуі және бекітілген кестелер негізінде шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға дайындығы тұрғысынан жыл сайын жоспарлы тексеруді; мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын лицензиялық бақылау; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) уәкілетті органға стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу және оны мерзімінен бұрын аяқтау туралы өтініш беру; 7) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру, сондай-ақ мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа қуыным арызын беру; 8) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) мыналарды: мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын; аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін; сарапшы ұйымның қызметін; сараптама ұйымының мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын бақылау; 10) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру; 11) анықталған Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзушылықтарды ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру; 12) сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы қуыным беру; 13) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14) мақта өңдеу ұйымдарының: мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу; мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану; мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1), 14-2), 14-3), 14-4) және 14-5) тармақшалармен толықтырылды 14-1) тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту; 14-2) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау; 14-3) мақта тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқару әрі олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау; 14-4) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау; 14-5) сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын жыл сайын бақылау; 15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-тарау. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда |