«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2016.21.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 643 Қаулысымен 2020 ж. 15 қарашадан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың екінші, үшінші абзацтары 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы»; 2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақтың алтыншы, жетінші абзацтары 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|