|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 292 және 294-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы»; «294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу»; 295-баптың тақырыбы алып тасталсын; 296-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау»; 2) 292-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы 1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпаратты ұсыну жөніндегі міндетті, энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты энергия аудитінен өткеннен кейін бес жыл ішінде бұзуы - »; 3) 294-бапта: тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу 1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сату және пайдалану -»; үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамасында және этикеткаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат қамтылмаған энергия тұтынатын құрылғыларды сату және (немесе) пайдалану -»; 4) 295-бап алып тасталсын; 5) 296-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау 1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, оқу орталықтарының қызмет тәртібін сақтамау -»; 6) 690-баптың бірінші бөлігіндегі «295,» деген цифрлар алып тасталсын. 2. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) аккредиттеу туралы куәлiк - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) Біліктілік комиссиясы - энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі орган;»; 4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) энергетикалық тиімділік - өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну;»; мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын: «12-1) энергия-аудиторлық ұйым - энергия аудитін жүргізу құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға; 12-2) энергия аудиторы - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға; 12-3) энергия-сервистік компания - меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;»; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану рәсiмi;»; 16) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшы (бұдан әрі - сарапшы) - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға;»; 18) тармақша алып тасталсын; 2) 5-бапта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізуді ұйымдастырады;»; 6-3) тармақша алып тасталсын; 6-8), 6-10), 6-11) және 6-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6-8) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;»; «6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін бекітеді; 6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;»; «6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;»; мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 13-4) және 13-5) тармақшалармен толықтырылсын: «13-1) оқу орталықтарына, энергия аудиторларына және сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді; 13-2) энергия аудиторларының және сарапшылардың тізілімін жүргізеді; 13-3) энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 13-4) Біліктілік комиссиясын құрады; 13-5) Біліктілік комиссиясының қызмет тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; 14) тармақша алып тасталсын; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) оқу орталықтарының тізілімін қалыптастырады;»; мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және бекітеді; 15-2) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;»; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;»; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;»; 18) тармақша алып тасталсын; 3) 6-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 7-баптың 1-тармағында: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) энергия аудитiнiң жүргізілуіне, оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) энергия менеджменті жүйесінің құрылуына, енгізілуіне және ұйымдастырылуына;»; 5) 9-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) энергия менеджменті жүйесінің ұлттық немесе халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының көшірмесін;»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттiк мекемелер үшiн 3), 4), 6) және 6-1) тармақшаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi жыл сайын бiрiншi сәуірге дейiнгі мерзімде қағаз және электронды жеткiзгiштерде Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм операторына ұсынады.»; 6) 10-бап алып тасталсын; 7) 11-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 13-бапта: тақырыбындағы «өндіру,» деген сөз алып тасталсын; 1-тармақта: 1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын сатуға және пайдалануға;»; «3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөндеу жүргізілетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін технологиялар мен материалдарды сатуға және пайдалануға; 4) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тиімділігінің сыныбы және сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұтынатын электр құрылғыларын сатуға және (немесе) пайдалануға;»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақта көзделген шектеулер жеке тұлғаларға қолданылмайды.»; 9) 14-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттелетiн қызмет түрлерiне жатады.»; 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың бесінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ұсынылған ақпараттың қызметтiң мәлімделген түрін жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келмеуi;»; 4 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.»; «7. Энергия аудитi немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлғаларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленедi.»; 10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама 1. Жаңа объектілерді салуға немесе қазіргі бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. 2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу: 1) энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынға барабар көрсеткіштен асатын объектілер үшін; 2) қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген және оларды алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген бірегей объектілерді салу жобалары бойынша міндетті болып табылады. 3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жобалар бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен және олар бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) басталмаса, онда бұл жобалар іске асырылғанға дейін осы кезде қолданыста болатын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келтірілуге жатады және жаңа кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізілгеннен кейін ғана іске асырылу үшін пайдаланылады.»; 11) 16-бапта: 5-тармақтағы «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1 және 6-тармақтармен толықтырылсын: «5-1. Ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті. 6. Энергия-аудиторлық ұйымдарға: осы энергия-аудиторлық ұйым немесе осы энергия аудитін жүзеге асыратын оның жұмыскерлері (энергия аудиторлары) қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге; соңғы үш жылда энергия менеджментін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) ұсынылған ұйымдарға; энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының (немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын жұмыскерлерге (энергия аудиторларына); энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар жұмыскерлерге (энергия аудиторларына); энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерін қоспағанда, егер ұйымдардың аудиттелетін субъект алдында немесе аудиттелетін субъектінің ұйымдар алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуге тыйым салынады.»; 12) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) оқу орталықтарын құру;»; 13) 18-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiсiнiң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебiнен бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде он бес пайыз көлемiнде төмендету бойынша мiндеттемелер қабылдауы Келiсiм нысанасы болып табылады. Келiсiм кемiнде бес жыл мерзiмге жасалады.»; 14) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: «18-1-бап. Энергия-сервистік шарт 1. Энергия үнемдеу және пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуы мүмкін. 2. Энергия-сервистік шартта: 1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы; 2) энергия-сервистік шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы; 3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс. Энергия-сервистік шарт бойынша баға энергия-сервистік шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізуге жоспарланған көрсеткіштер негізге алына отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстар құны немесе өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін төмендету есебінен пайда болатын энергетикалық ресурстарды үнемдеу негізге алына отырып айқындалуға тиіс. 3. Энергия-сервистік шарт тараптардың келісілген, энергетикалық ресурстарды тұтыну (пайдалану) режимін, шарттарын (температуралық режимді, жарықтандыру деңгейін, еңбекті ұйымдастыру, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды күтіп-ұстау саласындағы талаптарға сәйкес келетін басқа да сипаттамаларды қоса алғанда), энергетикалық ресурстарды өндіру, беру режимін, шарттарын және өзге де келісілген шарттарды энергия-сервистік компаниялардың энергия-сервистік шартты орындау кезінде қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы шартты қамтуы мүмкін.»; 15) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;»; 16) 21-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуға құқылы.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Энергия-аудиторлық ұйымдар: 1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн сақтауға; 2) энергия аудитiн жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға; 3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептi кезең iшiнде берiлген энергия аудитi жөнiндегi барлық қорытындылардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi. 5. Оқу орталықтары: 1) оқу орталықтарының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген қызмет тәртібін сақтауға; 2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға; 3) жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептi кезең iшiнде берiлген энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өткені туралы барлық құжаттардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қаңтардың 14-і. № 279-V
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |