Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 бұйрығымен күші жойылды
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті (С. Камели): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. «Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 196/НҚ бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8722 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|