ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 5-қосымша
Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларға (бұдан әрі – қойлар) бонитирлеу жүргізуді нақтылайды. 2. Қойларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Қойлар таза тұқымды қойлар мен будандарға бөлінеді. 4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады: 1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар; 2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар; 3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар; 4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар. 5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|