ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 16-қосымша
Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және торда өсірілетін терісі бағалы аңдарға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды, сондай-ақ торда өсірілетін күзендерді, ақ түлкілерді, түлкілерді, бұлғындарды, сасық күзендерді, жанат тәрізді иттерді және саз құндыздарды бонитирлеу кезіндегі зоотехниялық талаптарды белгілейді. 2. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүзеге асырады.
2-тарау. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Аңдарды бонитирлеу - олардың тұқымдылығына, түсінің реңіне, өлшемі мен дене бітіміне, жалпы түсіне және жүн жамылғысының сапасына, сондай-ақ кейбір қосымша белгілеріне жеке баға беру. Қосымша белгілер тұқымға қалдырылатын аңдарда бағаланады. 4. Тұқымға бүкіл алдын ала іріктелген асыл тұқымдық ядроның жас төлі және табынның репродуктивті бөлігі, сондай-ақ ұрпақ сапасы бойынша тексеруге жататын аталық пен аналықтардан алынған жас төл бонитирленеді. 5. Фермаларда өсірілетін бүкіл аңдар түрлерін бонитирлеуді олардың толығымен түбіттену кезеңінде: вуальды ақ түлкіні қазан айында; күзенді, түлкіні, күміс түсті ақ түлкілерді қазан айының соңында және қарашада; саз құндызды қараша, желтоқсан айларында 7-10 айлық жасында жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|