Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы (2024.08.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2019.10.07. № 497 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар; 2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын. 2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2024.24.09. № 776 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2024 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша
Техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|