Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген 3-қосымша
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтары қызметінің қағидалары (2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.19.09. № 263 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - Жергілікті орган) құратын Олимпиада резервін даярлау орталықтарының (бұдан әрі - Орталық) қызметі тәртібін айқындайды. 2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік мүлікі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органдардың бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы Қағиданы және Орталық жарғысын басшылыққа алады. 3. Орталық облыстық және қалалық мәртебеге ие болады. 4. Орталық бір немесе бірнеше олимпиадалық спорт түрлерінен құрылады. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|