Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы (2016.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 68/НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 757 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 757 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса берілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8622 тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 (27613) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9432 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (27808) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|