Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 132 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану ережелері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|