Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 102-406 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 102-2252 қаулысына 3-қосымша
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмерлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы - «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметінің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесіне енгізеді. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|