|
|
|
27.09.2024 Сот отырысы хатшысының жауапкершілігі
Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады. Сот отырысының хатшысы өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге; хаттамада соттың әрекеттері мен шешімдерін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтінішхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын,түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға; сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгіленген мерзімде дайындауға; төрағалық етушінің заңды өкілдеріне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуна байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда заңда көзделген жауаптылықта болады. Бір қарағанда, сот отырысы хатшысының жұмысы осы адамның сот отырысы залында қатысуымен ғана шектелетін сияқты болып көрінеді. Бірақ, шын мәнісінде сот отырысы хатшысының міндеті осымен шектелмейді. Оның бірден көзге көріне қоймайтын бейнеті көп жұмысы хатшыдан тиянақтылықты, өз ісін беріле атқаруды талап етеді. Сот отырысының хатшысы іс материалдарын сот отырысында қарауға дайындалумен айналысады, хабарламаларды, шақыру қағаздарын, смс-хабарламарды процеске қатысушылар мен тараптарға жібереді. Сонымен қатар, ол процеске қатысушы адамдардың келуін де қамтамасыз етеді.Бұған қоса ол өзі сот отырысына қатысады және сот отырысы хаттамасын жүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерін заңнама талаптарына сәйкес рәсімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады. Сондықтан, сот отырысының хатшылары мемлекеттік қызметші болғандықтан, мораль, ар-ождан, парыз және жауапкершілік тұрғысынан жоғары талаптар қойылады.
Қарағанды облысының МАЭС бас маман- сот отырысының хатшысы Ж.Е. Қапасәлі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |