Осы редакция 2017 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.21.01. № 19 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 7-қосымша
«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін - бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспайды; қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін - он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайды; алдын ала сараптама - үш жұмыс күнінен аспайды; Қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылданған кезден бастап үш жұмыс күн аралығында ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|