Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 412 «Атырау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Атырау қаласы Мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 412 «Атырау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4497 болып тіркелген, 2019 жылы 11 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне (әрі қарай - Шешім) келесідей өзгерістер енгізілсін: 1) мемлекеттік тілдегі мәтінінде: шешімнің атауындағы және 1-тармағындағы «жасайтын» деген сөз «істейтін» сөзімен ауыстырылсын; орыс тіліндегі мәтінінде: шешімнің атауындағы «поддержкой» деген сөз «поддержки» сөзімен ауыстырылсын; 1 тармақта «размера» деген сөз «размер» сөзімен ауыстырылсын. 2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|