Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Конституциялық заңының 2-бабы 2-тармағына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Регламенті бекітілсін. 2. Нормативтік қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 5 қаңтардағы бекітілген
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Регламенті
Осы Регламент Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) негізінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ішкі қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі мәселелерін реттейді.
1-тарау. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметін ұйымдастырудың жалпы мәселелері
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі-Конституциялық Сот) оның өкілеттіктеріне кіретін мәселелерді Конституциялық Соттың отырыстарында қарайды және шешеді. Өзге мәселелер бойынша Конституциялық Соттың кеңестері өткізілуі мүмкін. 2. Конституциялық Соттың отырысында конституциялық іс жүргізу тәртібімен шешілетін мәселелерден, Конституциялық Сот судьяларының антын қабылдаудан басқа мына мәселелер: - Конституциялық Соттың Регламентін бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; - Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес туралы ережені, Ғылыми-консультативтік кеңес хатшысының кандидатурасын және мүшелерін бекіту; - Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының (бұдан әрі - судья) төсбелгісі, мантиясы туралы ережені, олардың үлгілері мен сипаттамаларын бекіту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|