Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМА ОРТА...

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

«Мемлекеттік ұлттық ғылыми техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 831 Қаулысы

(2021.28.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2021.28.10. № 771 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды және ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталын 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қоғам жарғысын бекітуді және Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
400 тг