Осы редакция 2018 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.25.02. № 225 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 623 бұйрығына 1-қосымша
«Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: авиация персоналына куәліктер (бұдан әрі - Куәлік) беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдарының тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11401 болып тіркелген) «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрау салуының болуы болып табылады. 5. Мемелекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|