«2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету, 2019 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2019 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2020 жылы пайдалану (толық пайдалану) және «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабының 5-тармағына, 41, 104 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2019 жылғы республикалық бюджеттің бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламаның жылдық жоспарлы тағайындаулары ұлғайтылсын. 3. «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2020 жылға мынадай: 1) кірістер - 11 206 484 096 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер бойынша - 7 960 584 715 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 121 320 478 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4 497 700 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 3 120 081 203 мың теңге; 2) шығындар - 12 472 425 180 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 196 473 831 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 306 167 753 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 109 693 922 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|