Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі туралы
Осы редакция 2022 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2, 2-2) тармақшаларына, 21-бабының 1, 4-тармақтарына және 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 110/604 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі 1. Осы тәртіп «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау округтерінің жүйесі құрылады және пайдаланылады. 3. Пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|