|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2024 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 20 194 797 994 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 15 759 823 678 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 361 446 610 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 750 000 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 4 070 777 706 мың теңге; 2) шығындар - 23 316 158 487 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 363 477 575 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 617 804 497 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 254 326 922 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 49 929 694 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 49 929 694 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -3 534 767 762 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,6 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 768 687 762 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 6,5 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 534 767 762 мың теңге. 2-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 52 900 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 217 940 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін. 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2024 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін: 1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; 2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары. Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелген, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомаларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтады. 5-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қою көлемдері 469 501 019 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: Атырау облысынан - 168 718 843 мың теңге; Алматы қаласынан - 226 102 075 мың теңге; Астана қаласынан - 74 680 101 мың теңге. 6-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдері 1 276 687 мың теңге сомасында көзделсін. Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады. 7-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 000 000 000 мың теңге сомасында көзделсін. 8-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 600 000 000 мың теңге сомасында көзделсін. 9-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 28 215 теңге; 3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 57 853 теңге; 4) айлық есептік көрсеткіш - 3 692 теңге; 5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болып белгіленсін. 10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 9,0 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін. 11-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы болып белгіленсін. 12-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін. 13-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемдері 5 265 026 806 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: Абай облысына - 234 948 938 мың теңге; Ақмола облысына - 354 724 684 мың теңге; Ақтөбе облысына - 293 012 614 мың теңге; Алматы облысына - 183 608 471 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына - 245 334 008 мың теңге; Жамбыл облысына - 426 356 383 мың теңге; Жетісу облысына - 355 343 578 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 251 390 766 мың теңге; Қарағанды облысына - 322 790 809 мың теңге; Қызылорда облысына - 433 008 847 мың теңге; Қостанай облысына - 318 913 396 мың теңге; Маңғыстау облысына - 135 605 790 мың теңге; Павлодар облысына - 132 387 464 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына - 316 648 616 мың теңге; Түркістан облысына - 1 001 641 890 мың теңге; Ұлытау облысына - 51 803 957 мың теңге; Шымкент қаласына - 207 506 595 мың теңге. 14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне: 1) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге; 2) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге; 3) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; 4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға; 5) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға; 6) еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге; 7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға; 8) мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін ауылдық толық жинақталған мектептерде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға; 9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға; 10) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға; 11) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге; 12) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге; 13) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; 14) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға; 15) Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендердің көлік инфрақұрылымын жөндеуге; 16) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға; 17) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге; 18) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 2024 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген, 2024 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 15-бап. Ауыл халқының кірісін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану мақсатында ауыл халқына микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 16-бап. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге арналған кредиттер сомаларын бөлуі және (немесе) пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 17-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 18-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған резерві 330 973 865 мың теңге сомасында бекітілсін. 20-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024 жылға арналған шығындарының құрамында жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 750 000 мың теңге сомасындағы қаражат республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетіле отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 8 855 460 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін. 21-бап. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2024 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 151 314 913 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін. 22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2024 жылы 1 000 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін. 23-бап. 2024 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін. 24-бап. 2024 жылға мемлекеттің кепілгерліктер беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін. 25-бап. 2024 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 28 743 600 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін. 26-бап. 2024 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 4 038 959 599 мың теңге мөлшерінде белгіленсін. 27-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2024 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін. 28-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы осы Заңға 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 29-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 5 желтоқсан № 43-VІІІ ҚРЗ
«2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 43-VIII ҚРЗ Заңына 1-ҚОСЫМША
2024 жылға арналған республикалық бюджет
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |