Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы (2017.15.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін. 2. «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 431 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11792 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|