|
|
|
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 718-бабының 2-тармағына, «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына және «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 1-тармағына сәйкес және екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктер беретін банк қарыздары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақының мөлшерлемелерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктер беретін банк қарыздары, микрокредиттер, кредиттер бойынша сыйақының шекті жылдық тиімді мөлшерлемесі 56 (елу алты) пайыз мөлшерінде бекітілсін. Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты, кредиттік шартты жасау, банк қарызын, микрокредитті немесе кредитті берумен және қызмет көрсетумен байланысты сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сыйақының жылдық тиімді ставкасының шекті мөлшерін бекіту туралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы № 33 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 19 мамырда № 68 (1884), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актіле жинағында 2011 жылғы 22 қарашада № 23 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және микрокредиттік ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |