Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 22-07-7.13 хаттамасының 2.13-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша): 1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жартыжылдықта бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен бекітілген
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|