«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 370 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90879 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»; 4-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:»; 8-тармақтың 1) тармақшасының мынадай редакцияда жазылсын: «1) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9-дан бастап 20.00-ға дейін жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|