Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі № 414-I Заңы (2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен тақырыбы, кіріспе өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат 2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі 3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы 4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар 5-бап. Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімі 8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесi; 2) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс өтілі бар адамдарға төленетін ақшалай төлем; 3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 2-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар. 2. Жәрдемақы ай сайын төленеді. 3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың: еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың: еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Жұмыс өтілін есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады. 4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлікке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті жағдайларда шыққан азаматтарға қолданылмайды. ҚР 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімі 1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады. Бұл ретте жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, жәрдемақы тағайындалады. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті жәрдемақы алуға құқығы бар адам Мемлекеттік корпорацияға береді. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасалған күн болып есептеледі. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын қайтаруға міндетті. 5. Жәрдемақы орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Жәрдемақы мөлшері 1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 9,42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. 2. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 8,38 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасау құқығы беріледі.
ҚР 31.05.02 ж. № 326 ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Жәрдемақы төлеу Жәрдемақылар төлеу Мемлекеттік корпорация арқылы алушылардың банк шоттарына ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді. Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының
|
|