|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 Қаулысымен 2019 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3940 тіркелген, 2006 жылғы 19 мамырда «Заң газеті» газетінде № 89-90(896) жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 14 қазандағы № 122 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6040 тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 30 (1652) жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |