Осы редакция 2017 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 76 қаулысына 2-қосымша
Жарияланған акциялар шығару проспектісін жасау және ресімдеу қағидалары, жарияланған акциялар шығару проспектісінің құрылымы 1. Осы Жарияланған акциялар шығару проспектісін жасау және ресімдеу қағидалары, жарияланған акциялар шығару проспектісінің құрылымы (бұдан әрі - Қағидалар) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Жарияланған акциялар шығару проспектісін жасау және ресімдеу тәртібін, жарияланған акциялар шығару проспектісінің құрылымын айқындайды. 2. Жарияланған акциялар шығару проспектісі қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады. 3. Мыналар қағаз тасымалдағышта жасалған жарияланған акциялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады: қоғам акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алу кезінде олардың құнын анықтау әдістемесі және қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі; қоғамның соңғы 2 (екі) қаржы жылындағы, аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ қоғамның аудиторлық есептерінің және есеп саясатының көшірмелері. Еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке жылдық қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|