Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.16.03. № 196 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығына 3-қосымша
«Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару (2017.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыруы үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут; 3) Мемлекеттік копорацияда көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде. 6. Мемлекетік қызметті көрсету нәтижесі - азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|