«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20619 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары;»; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшадағы Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын; Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы Қағидалар білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыруды анықтайды. Білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады. Кеңес педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарастырады.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|