Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/71 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/71 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024 - 2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 480 684 449,4 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 195 237 166,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 9 348 823,5 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 76 405,0 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 276 022 054,9 мың теңге; 2) шығындар - 496 163 927,3 мың теңге; 3) таза бюджеттік несиелендіру - 17 889 922,7 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 21 109 130,4 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 219 207,7 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 2 031 235,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 2 031 235,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -35 400 635,6 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 35 400 635,6 мың теңге; қарыздар түсімі - 18 880 155,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 5 576 359,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 22 096 839,6 мың теңге.»; 2 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. 2024 жылға арналған қала мен аудан бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін: 1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы: Бейнеу ауданына - 100 пайыз; Қарақия ауданына -100 пайыз; Маңғыстау ауданына - 100 пайыз; Түпқараған ауданына - 100 пайыз; Мұнайлы ауданына - 100 пайыз; Ақтау қаласына - 50 пайыз; Жаңаөзен қаласына - 50 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|