Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2016.31.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң жобалау қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 822 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 497 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: 90-тармақта «ілеспе хатта» деген сөздер «анықтама парақта» деген сөздермен ауыстырылсын; 91-тармақта «түсіндірме жазбада» деген сөздер «анықтама парақта» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 91-1-тармақпен толықтырылсын: «91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда ол заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның сауалы бойынша заңға тәуелді актінің тиісті жобасын ұсынады.»; 95-тармақтың 12) тармақшасында «белгіленген нысандағы» деген сөздер «осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын; 114-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің өте кеш мерзімдері (оларды қолданысқа енгізгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап бір айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын. 3. «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде: 6-тармақта «Әділет министрлігі» деген сөздерден кейін «оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне енгізген сәттен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде әзірлеуші: құқықтық реттеудің тиісті саласында қолданылып жүрген заңнаманы талдауы, қазіргі құқықтық тетіктердің (олар болған жағдайда) тиімділігінің жеткіліксіз болу себептерін анықтауы, заңнамадағы олқылықтарды, қайшылықтарды, ескірген нормаларды не ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген актілердің болуын, қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолданбау себептерін анықтауы; экономикалық, социологиялық, статистикалық және өзге де қажетті ақпаратты зерделеуі, қорытуы және талдауы, нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың болжамды әлеуметтік, қаржы-экономикалық, экологиялық, құқықтық, криминологиялық және өзге де салдарына, актіні қабылдауға байланысты белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастардың ықтимал үрдістері мен даму нұсқаларына зерттеу жүргізуі; қажетті қаржы-экономикалық есептемелер жүргізуі; шетелдік тәжірибені зерделеуі, салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуі қажет. 9. Заң жобасының тұжырымдамасы осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша жазылуға тиіс. Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының ережелерін, қоғамдық өмірдің тиісті салаларында және аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған ақпаратты ескере отырып жүзеге асырылады. Заңды қабылдау қажеттілігі туралы куәландыратын дәлелдерді баяндау нақты, келеңсіз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнамамен жеткілікті жасалмаған байланысын тиянақты түрде орнататын болуы тиіс. Дәлелдемелер ретінде орын алған жағдайдың қысқаша мән-жайын, заң нормаларын қолданудың дұрыстығы, қорытындылар мен ұсыныстар туралы пікірді көрсете отырып, практикадан мысал келтіру қажет. Әлеуметтік салдарларды болжау кезінде актіні қабылдаудың жалпы қоғамның, сондай-ақ оның жекелеген әлеуметтік топтарының дамуына әсер етуіне, білім беру және халықты жұмыспен қамту деңгейіне, қоғамның әлеуметтік құрылымына, денсаулық сақтау қызметінің қол жетімділігіне, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, азаматтық қоғам институттарын дамытуға ықпалына және басқа да салдарларға талдау жүргізіледі. Қаржы-экономикалық салдарларды болжау кезінде актіні қабылдауға байланысты: республикалық және жергілікті бюджеттен тікелей және жанама шығыстар; құқық қолданушылар мен актінің нормаларын іске асырудың өзге де субъектілерінің шығыстары; республикалық және жергілікті бюджеттің кірістері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың кірістері; өзге де шығыстар мен кірістер, сондай-ақ өзге де экономикалық әсер (бәсекенің дамуына ықпалы; кредиттік ресурстардың қол жетімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу және басқа да салдарлар) бағаланады. Экологиялық салдарларды болжау кезінде актіні қабылдау нәтижесінде қоршаған ортаға ықпал ететін әсердің бағыты, сипаты және деңгейі бағаланады. Құқықтық салдарларды болжау шеңберінде келешектегі актінің қаралып отырған саладағы құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің қолданыстағы тетігіне ықпалы, атап айтқанда: заңнамадағы олқылықтар мен қарама-қайшылықтардың, тиімсіз және декларативті нормалардың болуы, құқықтар мен міндеттерді іске асыру тетігінің жоқтығы бағаланады. Криминологиялық салдарларды болжау кезінде заң жобасының тұжырымдамасына оның қоғам, мемлекет қажеттілігіне және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкестігі мәніне ондағы құқық бұзушылықтар жасауға тікелей немесе жанама ықпал ететін, көзделген жауапкершілік шараларынан заңды негіздерде бас тарту мүмкіндігін туғызатын ережелерді (олқылықтар, өзге де кемшіліктер) анықтау, сондай-ақ осындай актіні қабылдау нәтижесінде криминогенді не криминогендікке қарсы сипаттағы өзге де салдарларды анықтау арқылы талдау жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджеттен болжанып отырған қаржылық шығындар туралы ақпаратқа тиісті қаржылық есептемелер қоса берілуі тиіс. Салдарларды болжау кезінде болашақ актінің мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне, тәуекелдеріне әсері бағаланады.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жыл сайынғы жолдауының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының ережелерін, қоғамдық өмірдің тиісті салаларында және аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын ескере отырып жүзеге асырылады.». 4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат): 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі: 1) басқару ақпаратымен алмасу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарын орындау туралы үнемі еске салу, заң жобалау жұмысының жай-күйі туралы ақпарат беру арқылы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жұмысын ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітетін кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің жыл сайынғы тағылымдамасын өткізуді қамтамасыз етсін; 3) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтардан және 10 шілдеден кешіктірмей мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жүргізілген тағылымдама нәтижелері туралы хабардар етсін; 4) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне заң жобалау жұмыстарының жай-күйі туралы ақпарат берсін; 5) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ағымдағы жылдың заң жобалау жұмыстары жоспарының жай-күйі туралы ақпарат берсін.».
Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 822 қаулысымен бекітілген
Үкіметінің Регламентіне 5-қосымша
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына АНЫҚТАМА ПАРАҚ
* Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.
|