«Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы»; бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес.»; бұйрықтың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасына мынадай өзгерістер енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|