Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-48/2 «2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 6С-60/2 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-48/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 9 158 763,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 3 225 019,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 84 601,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 75 455 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 5 773 687,4 мың теңге;
2) шығындар - 10 012 183,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 60 337,3 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 63 151,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 814,2 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 5 875 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5 875 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 919 631,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 919 631,9 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.