Осы редакция 2016 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 153 қаулысымен бекітілген
«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Батыс Қазақстан облысының аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - ХҚО); 2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-на өтініш берген кезде: стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жетім балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|