Павлодар қалалық мәслихатының «2022 - 2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 106/13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Павлодар қалалық мәслихатының «2022 - 2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 106/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28080 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін: 1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 192 109 667 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 152 033 723 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 2 258 804 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20 515 638 мың теңге; трансферттер түсімі – 17 301 502 мың теңге; 2) шығындар – 185 446 583 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – -1 954 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – нөлге тең; бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 954 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 271 572 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 271 572 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 393 466 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 6 393 466 мың теңге.»; 4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. 2022 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде жоғары тұрған бюджеттен кент, ауылдық округ және кейбір ауылдар бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерде көзделгені ескерілсін: Жетекші ауылы, Ленин кенті және Кенжекөл ауылдық округіне мәдениет және мұрағат мекемелеріндегі басқарушы және негізгі персоналға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақы белгілеуге – 6 523 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|