Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы (2024.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.30.11. № 919 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.30.11. № 919 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2022.30.11. № 919 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаменті (Қ.Қ. Аманқұлов) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментіне (Қ.Қ. Аманқұлов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|