Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы (2022.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі 3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар 4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері 5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары 6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ 7-бап. Қызметке қабылдау шарттары 8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау 10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу 11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар 12-бап. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру 13-бап. Қызметкерлердің ант қабылдауы 14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұрған адамдарды кәсіптік бейімдеу 3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 15-бап. Қызметкерлердiң мәртебесi және олардың құқықтық кепiлдiктерi 17-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты құқықтары 18-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты мiндеттерi 19-бап. Қызметкердiң қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер 20-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі 21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы 22-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері және жетондары 23-бап. Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісі 27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі 27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы 28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру 30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі 31-бап. Қызметкерлерді ауыстыру тәртібі 32-бап. Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруды жүктеу 33-бап. Бастықтың қарамағына жіберу 36-бап. Қызметкерлерді мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу 39-бап. Демалыстар берудің және олардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі 41-бап. Қысқа мерзімді демалыстар 46-бап. Ауыру бойынша демалыстар 46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс 47-бап. Демалыстан шақыртып алу 6-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ 48-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатудың негiздерi 50-бап. Қызметкерлердің қызметте болуының шектi жасы 51-бап. Қызметтен шығару тәртiбi 53-бап. Запаста болудың шекті жасы 54-бап. Қызметін қалпына келтіру 7-тарау. АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК 55-бап. Аттестаттау, оның мақсаты мен міндеттері 56-бап. Қызметкерлерді аттестаттау 56-1-бап. Қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау 57-бап. Аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар 58-бап. Аттестаттау комиссиясы 59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары 60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағым жасау 8-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП 64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар 65-бап. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі 66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі 67-бап. Тәртiптiк комиссияның функциялары мен өкiлеттiктерi 68-бап. Жаза қолдану туралы шешiм қабылдау тәртiбi 69-бап. Жазаларды жариялау тәртiбi 71-бап. Қызметкерлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiндегi олардың құқықтарының кепiлдiктерi 9-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АҚШАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ 72-бап. Ақшалай қамтамасыз ету 73-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау 74-бап. Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету 75-бап. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету 77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері 78-бап. Қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау 79-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғау 80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берiлетiн өтемақылар 81-бап. Жерлеу шығындарының өтемақысы 82-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары 10-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 83-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету 84-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың мүлкі 11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 86-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» деген сөздер тиісінше «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша: «арнаулы (әскери)», «Арнаулы (әскери)» деген сөздер тиісінше «әскери, арнаулы», «Әскери, арнаулы» деген сөздермен ауыстырылды, «Әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерінде және мекемелерінде», «әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерде», «әскери-медициналық бөлімшелердің» деген сөздер тиісінше «Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер; 2) арнайы жиындар - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар; 3) арнаулы атақ - қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) әскери, арнаулы оқу орындары - арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) арнаулы киім нысаны - қызметкерлердің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет - ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі лауазымдардағы мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi; 7) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі - кадр қызметкерлерін есепке алу және талдау жүйесі; 8) арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алу - арнаулы мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері (офицерлік құрам) мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу мен талдау жүйесі; 9) арнаулы мемлекеттік органдардың запасы (бұдан әрі - запас) - қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, арнаулы мемлекеттік органдарды толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрiстетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған қызметкерлер; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) еңбек сіңірген жылдары - қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы; 10) Жоғары аттестаттау комиссиясы - арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективалары туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын, аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда 11) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер; 12) қолданыстағы резерв - арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру; 13) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт) - тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) магистранттар және докторанттар - әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер; 14) отставка - қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шектi жасына жеткендерді арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастау не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастай отырып, қызметтен шығару; 15) полиграфологиялық зерттеу - адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнайы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын жауап алу рәсімі; 16) психофизиологиялық куәландыру - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-1) тармақша жаңа редакцияда 16-1) тыңдаушы - қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (əскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер; 17) уәкілетті басшы - осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығару құқығы берілген лауазымды тұлға; 18) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - арнаулы мемлекеттік органдарда штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту және қысқарту бойынша жүргізілетін іс-шаралар.
2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар 1. Арнаулы мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар. 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Арнаулы мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері Арнаулы мемлекеттік органдарға негізгі міндеттер заңмен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.
5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары 1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары негізінде, сондай-ақ: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау мiндеттiлiгi; 2) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi ұйымдастыруға көзқарастардың бiртұтастығы; 3) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық); 4) қызметтің жария және жария емес әдістері мен құралдарының ұштасуы; 5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу; 6) құпиялық және жасырындылық негізінде жүзеге асырылады.
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күшi барлық қызметкерлерге қолданылады. Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскерге шақыру бойынша əскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес қызмет өткереді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері осы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткереді. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттік саяси қызметшiлерге қолданылады.
2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ
7-бап. Қызметке қабылдау шарттары 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жасы он сегiзге толған, бірақ осы Заңда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Жедел бөлімшелерге қызметке жасы 23-тен кіші емес азаматтар (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) қабылданады. Бөлімшелерді жедел және оған теңестірілген бөлімшелерге жатқызуды арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейді. 1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған; 2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар; 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан; 4) 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 6) қызметке тұрғар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; 7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; 8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда 10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері немесе зайыбы (жұбайы) және оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда 11) ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері не зайыбы (жұбайы) немесе оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары, немерелері ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған; 12) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды. Арнаулы мемлекеттік орган кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы. 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын айқындау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 4. 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Əскери немесе құқық қорғау қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткерген азамат арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген кезде əскери немесе құқық қорғау қызметінен не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған күнінен бастап арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке жəне заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда қызметте болуы үзіліссіз деп есептеледі. Бұл ретте көрсетілген кезең лауазымдық айлықақыны айқындау үшін өтілін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды.
8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау 1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды тексеруді арнаулы мемлекеттік органдардың кадр және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау іс-шараларын ұйымдастыруды, өткізу тәртібін және әдістемесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 2. Қажетті құжаттардың тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімдерін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 3. Қызметке кандидат білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене бітімі дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға сай болуға тиіс. 4. Кандидатты медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 5. Кәсіби-психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары жүргізеді. Бұл ретте кандидаттың жеке, тұлғалық, кәсіби сипаттамаларының арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігі айқындалады. 6. Кандидаттың келісімшарт бойынша қызметке тұру үшін белгіленген талаптарға сай келетін құжаттарын құрылымдық, аумақтық және өзге де бөлімшелер бағалау үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді. Қажет болған жағдайда, кандидат кәсіби жарамдылығын тексеру үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға шақырылуы мүмкін. 7. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылдау, әдетте, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстық негізде орналастырылатын лауазымдар тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 8. Конкурсқа қатысу үшін келген азаматтың кандидатурасын құрылуы мен жұмыс тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын конкурстық комиссия қарастырады. Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. 9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысы келіп түскен кезде уәкілетті басшы кандидатпен келісімшарт жасасады, қажетті материалдарды ресімдейді және оларды жеке құрам бойынша бұйрық шығару үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ7-бап. Қызметке қабылдау шарттары8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау9-бап. Келісімшарт10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар12-бап. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру13-бап. Қызметкерлердің ант қабылдауы14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұрған адамдарды кәсіптік бейімдеу 3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ15-бап. Қызметкерлердiң мәртебесi және олардың құқықтық кепiлдiктерi16-бап. Міндеттерді атқару17-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты құқықтары18-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты мiндеттерi19-бап. Қызметкердiң қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер20-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы22-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері және жетондары23-бап. Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісі 4-тарау. ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ24-бап. Кадр құрамы25-бап. Қызметкерлер құрамы26-бап. Арнаулы атақтар27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру29-бап. Алып тасталды30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі31-бап. Қызметкерлерді ауыстыру тәртібі32-бап. Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруды жүктеу33-бап. Бастықтың қарамағына жіберу34-бап. Лауазымнан босату35-бап. Ресми өкілдер36-бап. Қызметкерлерді мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу36-1-бап. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері37-бап. Кадр резерві 5-тарау. ДЕМАЛЫСТАР38-бап. Демалыс түрлері39-бап. Демалыстар берудің және олардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі40-бап. Жыл сайынғы демалыс41-бап. Қысқа мерзімді демалыстар42-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, бала (балалар) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс43-бап. Қосымша демалыстар44-бап. Каникулдық демалыстар45-бап. Оқу демалыстары46-бап. Ауыру бойынша демалыстар46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс47-бап. Демалыстан шақыртып алу 6-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ48-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатудың негiздерi49-бап. Қызметтен шығару50-бап. Қызметкерлердің қызметте болуының шектi жасы51-бап. Қызметтен шығару тәртiбi52-бап. Запасқа қою53-бап. Запаста болудың шекті жасы54-бап. Қызметін қалпына келтіру 7-тарау. АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК55-бап. Аттестаттау, оның мақсаты мен міндеттері56-бап. Қызметкерлерді аттестаттау56-1-бап. Қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау57-бап. Аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар58-бап. Аттестаттау комиссиясы59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағым жасау61-бап. Сыныптық біліктілік 8-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП62-бап. Қызметтік тәртіп63-бап. Көтермелеулер64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар65-бап. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі67-бап. Тәртiптiк комиссияның функциялары мен өкiлеттiктерi68-бап. Жаза қолдану туралы шешiм қабылдау тәртiбi69-бап. Жазаларды жариялау тәртiбi70-бап. Жазаны алу71-бап. Қызметкерлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiндегi олардың құқықтарының кепiлдiктерi 9-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АҚШАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ72-бап. Ақшалай қамтамасыз ету73-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау74-бап. Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету75-бап. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету76-бап. Қатардағы жауынгер және сержант лауазымдарында қызметін өткеріп жүрген қызметкерлерді әлеуметтік қорғау ерекшеліктері77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері78-бап. Қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау79-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғау80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берiлетiн өтемақылар81-бап. Жерлеу шығындарының өтемақысы82-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары 10-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ83-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету84-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың мүлкі 11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |