Ұлттық пантеон туралы ережені бекiту туралы (2023.22.02. берілген өзгерістермен)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық пантеон туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген
Ұлттық пантеон туралы ереже
1. Осы Ұлттық пантеон туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Ұлттық пантеон (бұдан әрі - Пантеон) - аса көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды мәңгі есте сақтау мақсатында салынған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуге арналған орын. 3. Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан. 1) мемориалдық ғимарат; 2) «Естелік қабырғасы» монументі бар естелік музейі (XХ-XXІ ғасырлар); 3) әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттар; 4) құлпытастар; 5) саябақ және іргелес аймақтар кіреді. ҚР Үкіметінің 2023.09.02. № 103 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. қайтыс болған (қаза тапқан) мынадай адамдар Пантеон аумағында жерленеді: 1) Қазақстан Республикасының президенттері және олардың отбасыларының мүшелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|